Отбасылық жанжалдан кейін үйінен кетіп қалған мектеп оқушысы табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының тұрғыны 12 жастағы қызын тауып берген полиция қызметкерлеріне шексіз алғысын білдірді, деп хабарлады өңірдің ПД баспасөз қызметі.
Төле би ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне жергілікті тұрғын хабарласып, 6-сыныпта оқитын 12 жастағы қызы жоғалып кеткенін, үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын айтты. Мектеп оқушысын іздестіру үшін Төле би аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы көшелер мен аулаларды қарап шықты, қыздың араласатын адамдары сұрастырылды.
Полицейлер жедел іс-әрекетінің арқасында екі сағаттың ішінде жоғалып кеткен қызды тауып алып, ата-анасымен қауыштырды. Кейіннен белгілі болғандай, мектеп оқушысы ата-анасымен ұрсысып қалғаннан кейін үйінен кетіп қалған.
12 жастағы қыздың анасы Гүлнұр Ниязбекова қызын тауып беруге атсалысқан полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
"Екі сағаттың ішінде қызымды тауып берген полицейлерге алғысым шексіз. Жұмыстарына табыс тілеймін. Полиция қызметкерлері қатарында осындай кәсіби мамандардың, біздің қорғаушыларымыздың жұмыс істейтініне қуаныштымын. Олар шынымен өздерінің профессионал екенін дәлелдеді", - деді жергілікті тұрғын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҰҚК: Уран концентратын сатпақ болғандар ұсталды
Өзгелердің жаңалығы