Үйінде той жасап, ас та төк тамақ әзірлеген азамат жазаланды
31 жастағы азамат той дастарханына белгіленген мөлшерден артық тағам әзірлегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі UZ News-ке сілтеме жасап.
Қашқадария облысының соты Чиракчин ауданында тұратын 31 жастағы тұрғынды той өткізу ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартты.
Іс материалдарына сәйкес, 13 қазанда мүгедектігі бар ер адам өз үйінде үйлену тойын өткізген. Тойға көптеген туыстары мен көршілері келген. Барлық қонақты тамақтандыру үшін ол 14 үлкен қазанда палау пісірген. Бұл іс-шара өткізуге қатысты қолданыстағы нормаларды бұзу болып есептеледі.
Сот процесі барысында ер адам өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтып, жазаны жеңілдетуді сұраған.
Сот оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 192-1-бабына сәйкес 4 миллион 120 мың сум (шамамен 184 мың теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді, - деп жазылған сот хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы