Ұйғыр ауданында бірде-бір қазақ әкімі сайланбаған

Бұл туралы Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясында айтылды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері «Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының әкімі болып осы уақытқа дейін неге бірде-бір қазақ сайланбады?» деген сауалына облыс әкімі жауап берді.

Қашан сайланады деп дұрыс айтып жатырсыздар. Биыл екі ауданның әкімін сайлаймыз. Келесі жылдан бастап, барлық аудандарда әкім сайлауы жүргізіледі. Ал Ұйғыр ауданынының әкімі бүгінгі күнге дейін біраз жыл жұмыс атқарған. Халықтың тарапынан да, біздің тарапымыздан да оның жұмысына ешқандай шағым жоқ. Ұлты келмеді деп әкімді ауыстырғанымыз дұрыс болмас, – дейді өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - Архив
Өзгелердің жаңалығы