Үйге жөндеу жұмыстарын жасау үшін ақшаны шешіп алудың ережесі қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев жауап берді.

«Үйге жөндеу жұмыстарын жасау үшін ақшаны шешіп алудың ережесі қандай? Жинақты үй жөндеуге жұмсағанын адам қалай дәлелдеуі керек?» деп сауал жолдадық.

Ереже бойынша жинақтағы шешіп алған қаржысына үйді сатып алуға рұқсат етіледі. Дегенмен жеке меншігіндегі үйді жөндеуге тікелей қаржыны жұмсауға мүмкіндік жоқ. Тек қана сатып алған үйін жөндеуге рұқсат етіледі, - деп жауап берді Еркебұлан Дауылбаев.
Айта кетейік, бүгін зейнетақы төлемдерін тұрғын үй алуға пайдалану қағидалары күшіне енгені туралы хабарлаған болатынбыз.
Ереже бойынша Ипотекалық тұрғын үй заемын қайта қаржыландыру бөлігінде басқа банктерден тұрғын үй сатып алуға (жөндеу жұмыстарын қоса есептегенде), жеке тұрғын үй құрылысына (жер учаскесін қоса есептегенде) арналған ипотекалық несиелерді «Отбасы банкінде» қайта қаржыландыруға болады, - делінген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы