Тұрмыстық техника сатып алу үшін әр қазақстандық қанша қаражат жұмсайды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үйге қажет тұрмыстық техниканы сатып алу үшін әртүрлі сала қызметкерлері қанша уақыт ақша жинайтыны анықталды.
Finprom.kz сарапшылары жазып өткендей, Қазақстанның үй шаруашылығында жүрген әйелдердің барлығы дерлік теледидар, тамақ дайындайтын плита тәрізді тұрмыстық техникамен қамтылған.
Сонымен қатар 2020 жылғы Ұлттық статистикалық бюросының сауалнама деректеріне сүйенсек, барлық үй шаруашылығындағы әйелдердің бәрінде бірдей тоңазытқыш (99,8%), кір жуғыш машина (96,3%) және шаңсорғыш машина (93,2) бола бермейді екен. Тек әйелдердің төрттен үш бөлігінен көбі ғана қысқатолқынды пешті қолданады. Мультиваркамен 27,6% үй шаруашылығындағы әйел қамтылса, респонденттердің 25,4%-ы - мұздатқыш камерамен, 21,1%-ы - кондиционермен, 17%-ы жылытқыш құралдармен, 3,8%-ы ыдыс жуғыш машинамен қамтылған.
Әр 100 үйге 116 теледидар, 102 тоңазытқыш, 102 ас үй плиткасынан келеді екен.
Energyprom.kz сарапшылары еліміздің ең ірі интернет-дүкендері Sulpak пен Technodom-ның негізгі тұрмыстық техниканың (теледидар, ас даярлайтын плитка, тоңазытқыш, кір жуғыш машина, шаң сорғыш машина, қысқатолқынды пеш) ең төмен бағаларына сараптама жасады.
Әлемде ең әйгілі тұрмыстық техника маркасы Samsung саналады. Осыған орай сарапшылар сараптама барысында Samsung маркалы (Bosch маркасы таңдалған ас даярлайтын плиткаларынан басқа) тауарлардың ең төмен бағаларын ескерді. Ең үлкен интернет-дүкендеріндегі бағалар шамалас болды. Тек теледидардың ең төмен бағасында ғана 5 мың теңге айырмашылық болды. Бұл ретте акция аясында шегерілген баға есептелмеді.
Интернет-дүкеннен тізімдегі тұрмыстық техниканың барлығын сатып алу үшін қазақстандықтарға 733 мың теңге шамасында қаражат керек болады.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елдегі орташа айлық жалақы мөлшері 230,8 мың теңгені құрады. Зерттеу барысында тізімге енгізілген барлық тұрмыстық техниканы сатып алу үшін еліміздегі әр қызметкер орташа есеппен үш номиналды жалақы мөлшері қажет болады.
Ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлері тұрмыстық техника алу үшін 6,3 ай бойы қаражат жинайды. Бұл ретте 6,3 ай дегеніміз азық-түлікке, коммуналдық қызметке, адамға күнделікті қажет басқа да қызметтерге кететін басқа да шығынды есептемегендегі кететін уақыт мөлшері.
Сонымен қатар демалу орталықтары, өнер саласында істейтін қызметкерлерге тұрмыстық техника алу оңайға соқпайды. Олар техника алу үшін кемі 5,1 ай бойы ақша жинауы керек. Ал жылжымайтын мүлікке қатысты түрлі операцияларды жүзеге асыратын қызметкерлер бұл асуды 4,3 айда еңсереді.
Сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметімен айналысатын мамандар 1,7 ай ақша жинай отырып, тұрмыстық техниканың толық комплектациясына қол жеткізе алады.