31 Мамыр 2025 2025, 08:53
Фото: Скриншот
Үйдің төбесінен секірмек болған: Екібастұзда полицейлер тұрғынды құтқарып қалды
Екібастұзда 9 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған тұрғын құтқарылды.
Екібастұзда 9 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған тұрғын құтқарылды. Оқиға 30 мамырда сағат 19.30 шамасында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Патрульдік полицейлер қызмет барысында М.Әуезов көшесіндегі 9 қабатты үйдің төбесінде ер адамды байқаған. Осыдан кейін олар дереу шатырға көтеріліп, ер адамды құтқаруға асықты. Тәртіп сақшылары оны бірден ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарды, - делінген хабарламада.
Қазір 36 жастағы азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.