Үйдің қасбетінен құлаған кондиционер: Кінәлілер анықталып жатыр

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепёха Мәжіліс кулуарында елордалық тұрғын үй кешендерінің біріндегі фасадтың құлауына қатысты істі түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз бәріне құқықтық баға береміз. Іс қозғалды, кінәлі кім екені анықталады. Қазір тергеу жүріп жатыр, – деді вице-министр.

Журналистер істің қай баптар бойынша тергеліп жатқанын да сұрады.

Құрылыс компаниясы – нысанды эксплуатациялау фактісі бойынша, ал баптар бойынша айтсақ, «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету» мен құрылысқа қатысты баптар бойынша тергеліп жатыр, – деді Игорь Лепёха.

Еске салайық, биыл 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылының бойында орналасқан тұрғын үй кешенінің қасбетінен сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысы құлап, 5 адам зардап шекті. 18 қарашада 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан ауруханада көз жұмды.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанадағы медколлежде марқұм фельдшердің құрметіне арнайы сынып ашылатынын мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы