Үйдегі «аптечкада» міндетті түрде болуы қажет дәрілер аталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық дәрігер, невропатолог Айгүл Өмірбекқызы әр адамның үйінде міндетті түрде болуы қажет дәрілердің тізімін атады.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Үйдегі медициналық қорапта не болуы қажет? Осы сауал біраз адамды мазалайды. Айгүл Өмірбекқызы осыған қатысты бірнеше кеңесін айтты.
Көптеген адамның үйлерінде қажет емес дәрілер өте көп. Ең алдымен қарапайым ережелерді сақтаңыз. Ең әуелі дәрілердің жарамдылық мерзімдерін уақытылы бақылап жүріңіз. Ешқашан дәрілерді қажет болып қалады деп алмаңыз, кейін дәрі бар екен, мерзімі өткен өтіп кететін болды деп қолданып қоюыңыз мүмкін. Дәрілерді күн көзі тимейтін, құрғақ жерде сақтаңыз. Аптечка балалар қолы жетпейтін жерде тұруы тиіс, - деді ол.
Дәрігердің үй аптечкасында міндетті түрде болуы қажет препараттарды атады.
Біріншіден ибуфен және парацетамол тәрізді ыстық түсіретін және ауруды басатын дәрілер болуы керек. Балалар үшін ибупрофен дозасы 10мг/салмағына (санау оңай болады салмақты 2 ге бөлеміз=мл өлшемі ), 6-8 сағат сайын беруге болады. Ал ересектерге 400-800 мг парацетамол дозасы 15мг/салмағына қарай 4-6 сағат интервал бойынша беріледі. Сосын физикалық ерітінді (Аквамарис, Аквалор және т.б) де қажет. Бұл тұзды ерітінділермен мұрынды шаюға болады. Жараларды өңдеу үшін хлоргексидин, мақта, дәке (бинт) болуы тиіс, - деді дәрігер.
Дәрі-дәрмектер тізімі мынандай:
✔ Каламин - қышынуды басу үшін, жәндіктер шыққанда немесе желшешек кезінде;
✔ Тамыртарылтқыш препараттар - Називин, Нафтизин, бұларды қатты мұрын бітелгенде және күніне 2-3 рет қана қолданады;
✔ Егер балаңызда ларинготрахеит стенозы болатын болса, ингалятор (небулайзер) Будесонид ( Пульмикорд), егер обструкция болса Вентолин (Беродуал) қолдану қажет;
✔ Өзіңіздің қолданатын дәрілеріңіз болса, мигрень жиі мазалайтын болса, сумотриптан қолда болғаны дұрыс. Артериалды қан қысымыңыз болса, дәрігер тағайындаған дәрілер немесе витаминдер болуы шарт;
✔ Термометр, егер көрсеткіштер болса, тонометр. Кімде қант диабеті бар - глюкометр қажет.
Дәрілерді қажет болып қалар деп сақтамаңыз. Антибиотиктерді мүлдем сақтауға болмайды. Себебі бұл дәрі тек аурудың көрсеткіші бойынша ғана тағайындалады. Ал вирусқа қарсы препараттардың тиімділігі зерттелмеген. Қарап тұрғанымыздай, үйдегі аптечкамызда 3-4 қорап қана болуы керек. Қажет болып қалар деген ой болмауы тиіс, - деп түйіндеді ол.