Үйде қандай өсімдіктерді өсіруге болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігер және тележүргізуші Елена Малышева адамдар үшін өте қауіпті болуы мүмкін танымал үйде өсетін өсімдіктерді атады. Бұл туралы Газета.ру хабарлады.

Малышеваның айтуынша, ең қауіпті өсімдіктер - бұл диффенбахия, монстра және антуриум. Диффенбахияның шырыны улы, шырышты қабыққа түссе, адам ісініп кетеді. 

Мұның себебі - өсімдікте кездесетін кальций оксалаты. 

Бірінші арнадағы бағдарламада қызығушылық үшін диффенбахияның жапырағын тістеген балалардың фотосуреттерін көрсеткен. Суреттерде олардың беті қатты ісіп, қызарып тұрған. 

Монстера, сондай-ақ өте танымал өсімдік. Оның құрамында да кальций оксалаты бар. Түнде гүл көп мөлшерде көмірқышқыл газын шығарады. 

Антуриум қауіпті, себебі оның құрамында теріге тигенде гистаминді ынталандыратын заттар бар. Бұл анафилактикалық шокқа дейін апаратын ауыр аллергиялық реакцияға әкелуі мүмкін. 

Мектепте жоғарыда айтылған өсімдіктерді өсіруге болмайды, - деді Малышева. 
Теледоктор өсімдіктерді жатын бөлмелер мен балалар бөлмелерінде ұстамауға кеңес берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы