Қалта ұрылары автобуста көбінесе ұялы телефонды ұрлайды

Алматы, BAQ.KZ. Қалта ұрыларымен күрес мақсатында қаладағы 59 бағыт бойынша жүретін 740 қоғамдық көлік пен 215 троллейбусқа бейне бақылау камералары орнатылған. Бұ туралы Алматы полиция департаменті хабарлады.

Полицияның мәліметінше, алдағы уақытта тағы 605 қоғамдық көлікке бейне бақылау камераларын орнату жоспарланып отыр екен. Сонымен қатар, қалта ұрыларын ұстау үшін 12 жедел жұмыс тобы құрылған.

«Қала тұрғындарын сақтандыру үшін біз жергілікті БАҚ арқылы үнемі қалта ұрлығымен айналысатындардың фотолары мен аты-жөндерін көрсетіп отырамыз. Оның үстіне, қаладағы 1515 автобус пен 300 тролейбусқа монитор орнатылды, онда күн сайын қалта ұрлығының алдын алу бойынша ескертпе роликтері көрсетіледі», - деді Алматы ПД басшысы генерал-майор Серік Күдебаев.

Қалта ұрылары автобустан көбінде ұялы телефонды ұрлайтын көрінеді. Осыған байланысты үнемі жедел іздестіру жұмысы мен арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып отырады екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы