Утилизациялық алым: Роман Скляр өз отставкасы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің утилизациялық алым туралы сұрақтарына жауап берді.
Халық алдында ашық жұмыс істеп жатырмын. Егер қате іс жасасам, жауап беремін. Біз өнеркәсібі бар, не өнеркәсібі жоқ ел боламыз. Менің сол үшін жаным ауырады. Ертең мұнаймен күн көре алмаймыз. Бүкіл әлемде мұнай бар. Сондықтан сіздерді осы мәселеге терең қарауға шақырамын. Барша қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын, - деді Роман Скляр.
Сондай- ақ Роман Скляр өзінің отставкаға кетуі туралы пікір білдірді.
Отставка туралы әңгіме жеке маған ғана қатысты емес. Ойлап қарасақ, әңгіме еліміздің болашағы туралы болып отыр. Не болып жатқанын өздеріңіз қараңыздар. Кейбір қауымдастықтардың басшылары өз проблемаларымен емес, автомобиль және ауыл шаруашылығы техникасын құрастырумен айналысып жүрген сыңай танытып жүр. Ертең олар өзге саладан табылуы мүмкін, - деді вице-премьер.