Утильалымнан түскен қаражаттың несиелеу бағдарламасына жұмсалатыны көңіл қуантады – Мақашева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстанның автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева «ҚазАқпарат» агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, утильалымнан түскен қаражат жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына берілетіні көңіл қуантарлық жайт. 

Біздің қауымдастыққа көлік құралдарын ресми өндірушілер мен импорттаушылар кіреді. Өндірушілер үшін жағдай өзгермейді, өйткені көлік құралдарының құнына утилизациялық алым енгізілмеген. Біздің өндірушілер заңнамаға сәйкес утилизациялық алым төлейді. Утилизациялық алымның төлеушілері де солар болып табылады. Оның үстіне, утильалымнан түскен қаражатты жинайтын оператор соңғы тұтынушы үшін бағаны утилизациялық төлемге қоспайтындай көлемде сол құнды қайтарады. Біз утильалымнан түскен қаражат 4% жылдық мөлшерлеме көлемінде жеңілдікпен несиелеу бағдарламаны берілетінін естігенде қуандым. Өйткені Қазақстан нарығындағы орташа мөлшерлеме шамамен  17 -25%-ды құрайды. Ал кейбір компаниялардағы мөлшерлеме тіпті, 40%-ға дейін барады, - деп атап өтті спикер. 

Оның айтуынша, 4% деген мөлшерлеме - өте тиімді. 

4% жылдық мөлшерлеме – тұтынушылар жаңа автокөлік сатып алуы үшін қолжетімді қаржылық бағдарлама. Бұл  тіпті, бөліп алғаннан гөрі жақсырақ. Бұрын автопарктегі ескі машиналарды тек ЖКО немесе көшіп кеткен жағдайда ғана шығарып тастау мүмкін болатын. Қазір біз үшін парктің жаңарғаны тиімді. Ол үшін адамдардан ескі аавтокөліктерді сатып алу керек. Егер утилизациялық төлемнен түскен қаражат әрі қарай утилизациялау үшін ескі автокөліктерді сатып алуға жұмсалса, тіптен жақсы болар еді. Онда бұл жаңа машиналар нарығына да, парктің жаңаруына да оң әсер етеді, - деді  Автобизнес қауымдастығының вице-президенті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы