Утильалымға төленген артық ақшаны қалай қайтарып алуға болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жасыл даму» кәдеге жарату алымының операторы кәдеге жарату алымы үшін артық төлемді қайтаруға өтінімдер қабылдауды ашты.
«Жасыл даму» АҚ recycle.kz. ресми сайтта техникалық жұмыстардың аяқталғанын хабарлайды. Енді жеке кабинетке кіру 25 мамырдан бастап штатты режимде жұмыс істейді. Сондай-ақ, 2022 жылдың 14 мамырдан кейін (қоса алғанда) утилизациялық алымды ескі мөлшерлемелер бойынша төлеген жеке және заңды тұлғалар артық төленген сомасын қайтарып ала алады, - делінген хабарламада.
Ол үшін «E-otinish» электрондық платформасында электронды цифрлық қолтаңба арқылы өтініш берулері қажет.
Өтініште төлем тапсырмасын қоса бере отырып, қайтаруды жүзеге асыру үшін өтінімнің нөмірін, шоттың деректемелерін көрсетуі керек, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы