Утильалым 50 пайызға дейін төмендетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Хабар24» телеарнасына берген сұхбатында утильалым бағасының төмендетілгенін айтты.
Ол жаңа тарифті атады. Енді автокөлік және ауылшаруашылығы техникасына утильалым 50 пайызға дейін төмендетіледі.
Сонымен қтар ол РОП Операторының төлемақысына тоқталды.Оның айтуынша, 220 млрд теңге азаматтарымыздың игілігіне жұмсалуы тиіс.
Теңгерімді шешім қабылданды – автомобиль өнеркәсібін ынталандыру деңгейі автомобиль көлігі мен өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының барлық түрі бойынша көрсеткішті 50%-ға төмендетуге мүмкіндік береді, - деді Роман Скляр.
Жеңілдетілген автонесиеге 100 млрд теңге беріледі.
Жылдық 4% және нөлдік бастапқы жарна. Мерзімі 7 жыл.
30 миллиард теңге автобус паркін жаңартуға бағытталады.
Роман Скляр кәдеге жарату төлемін алып тастау туралы ұсыныстар шетелдік техниканы импорттаушылар үшін тиімді екенін айтты. Оның мәлімдеуінше, кәдеге жарату ақысы шетелдік автоөнеркәсіпті «тамақтандырмау» үшін ішкі нарықты қорғау үшін қажет.
Роман Склярдың мәлімдеуінше, мұндай шешімді шығару үшін «Атамекен» алаңында пікірталастың 4-5 раунды өткізілген.
Талқылауды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі , Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері, сарапшылық қауымдастықтар ұйымдастырды. Нағыз сарапшылар, көптеген білікті мамандардың бәрі дерлік қатысты. Әрине, ой мен пікір өте көп. Талқылау кезінде елімізге шетелдік ескі көліктерді кіргізу үшін утильалымды мүлдем алып тастау ұсынысы да көтерілді. Отандық машина жасау саласына нұқсан келтіруге тырысқандар да болды, – деді ол «Хабар 24» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасы барысында.