Утиль алым: РОП операторының шотынан шектеулер алып тасталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлесіп жүргізген шараларының нәтижесінде РОП операторы шотына салынған шектеулер алынды. Осылайша мемлекет қазынасына 198 миллиард теңге қайтарылды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов өзінің Twitter парақшасында жазды.

Айтуынша, қомақты қаржының 100 миллиард теңгесі жеңілдетілген автонесиеге бағытталған. Бұл бағдарлама бойынша өтініштерді қабылдау мамырдың 16-сынан басталады. Жылына 4 проценттік несиемен құны 15 миллион теңгеге дейінгі көлікті сатып алуға болады. Ал қайтарылған қаржының қалған бөлігі өзге әлеуметік жобаларға жұмсалады.

11 қаңтарда Президент Үкіметке РОП операторы ұйымының утиль алымын жинауға тыйым салуды тапсырып, тиісті шешім шығарылған еді. Ал оның есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы