Бүгiн 2026, 21:19
Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі
Үтікті қосып кеткен: Петропавлда жатақханадан өрт шықты
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Петропавлда өрт сөгдірушілерге жатақханадан түтін шыққаны туралы хабарлама түскен. Куәгерлердің айтуынша, түтін екінші қабаттағы бөлмеден шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кейін анықталғандай, өрттің шығуына тоққа қосулы күйде қалған үтік себеп болған. Бөлме иесі есікті жауып кетіп, тұрмыстық салғырттықтың үлкен қауіпке ұласуы мүмкін екенін ескермеген.
Оқиға орнына алғаш болып ТЖМ-нің жедел әрекет ету тобы жетті. Құтқарушылар бөлмені ашып, электр қуатын ажыратып, өрттің таралуына жол бермеу шараларын қолға алды.
Артынша негізгі өрт сөндіру бөлімшелері келіп, тілсіз жау аз аумақта оқшауланып, толықтай сөндірілді.
ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрттің жатақхананың өзге бөлмелеріне таралуына және ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік туды.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.