UTEBAYEV UNIVERSITY-де аймақтағы алғашқы экокампус ашылуда
С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті білім, ғылым, ағарту және даму салаларында ұстануға міндеттенетін ESG тұрақты экологиялық даму жөніндегі жеке саясатын бекіткенін хабарлайды. АтМГУ-да «Климаттық диалог: өзара іс-қимылдың орнықты стратегиялары» экологиялық форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оған Қазақстандағы БҰҰ және БҰҰДБ өкілдері, Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, ірі қазақстандық және халықаралық өнеркәсіптік компаниялар басшылығы (ТШО, NCOC, Wika, KPI, АМӨЗ), ғылыми және академиялық қоғамдастық өкілдері (Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Экономикалық зерттеулер институты) қатысты.
Барлығы үшін орнықты болашақты қамтамасыз етуге тұрақты міндеттеме, амбиция және нақты әрекет қажет. СОП28 аяқталған күні, АтМГУ Қазақстанның жаһандық жылынуды 1,5 градусқа дейін шектеу жөніндегі ұстанымын қолдайды. Университет өзінің ESG Тұрақты экологиялық даму саясатын бекіткенін хабарлайды, оны білім, ғылым және одан әрі дамуда қатаң ұстануға міндеттенеді,-дейді Басқарма Төрайымы – Ректор Гүлзада Шакуликова.
Форум барысында ұсынылған маңызды бастама 2033 жылға қарай кампустың толық нөлдік көміртегі бейтараптығына (Carbon Net Zero) қол жеткізумен университет кампусын дамытудың Жол картасы болды. Жол картасы нақты кезеңдерді, қажет ресурстарды және жыл сайын толығымен жасыл кампусқа қарай қозғалыстың нақты көрсеткіштерін қамтиды. Университет алдағы 10 жылда мұнай-газ аймағындағы энергетикалық трансформацияның шындығын, топырақ пен атмосфераны және суды үнемдеуді өз үлгісімен көрсетуге тырысады.