Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында Орталық Азия барысы фототұзаққа түсті

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Орталық Азия барысын зерттеу және қорғау жөніндегі халықаралық жоба аясында орнатылған фототұзақтардағы мәліметтерді тексеріп шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жоба National Geographic гранттары мен Segré қорының қолдауымен, сондай-ақ Conservation X Labs, BRCC және АСБК ұйымдарының қатысуымен жүзеге асырылады.

Қуанарлық жаңалық, 2024 жылдың 29 қазаны мен 21 желтоқсаны аралығында фототұзақтарға барыс төрт рет түсіп, қорық аумағына қайта оралғаны анықталды.

Бұл мәліметтер Үстірт қорығының осы ерекше және жойылып бара жатқан түрдің табиғи ортасы ретінде маңызды рөл атқаратынын тағы да дәлелдейді.

 Орталық Азия барысының қайта оралуы – бұл Үстірт экожүйесінің қалпына келуінің символы әрі біз жүргізген бірлескен күш-жігердің нәтижесі. Бұл жетістік бізді сирек аңды зерттеу және қорғау жұмыстарын жалғастыруға ынталандырады, – дейді қорық қызметкерлері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан алынған кадр
Өзгелердің жаңалығы