Үстіне футбол қақпасы құлаған бала тіл тартпай кетті

Астанада №10 мектептің аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының Білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, алған жарақатынан оқушы қайтыс болды.

№10 мектептің аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлаған. Алған жарақатынан оқушы көз жұмды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай анықталуда. Астана қаласының Білім басқармасы оқушының ата-анасына қайғырып көңіл айтады, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы