Үстел теннисінен Қазақстан ерлер командасы Иранды қапы қалдырды

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Турнир аясында Қазақстанның ерлер құрамасы 7-8 орын алу үшін сайысқа түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz сілтеме жасап.

Біздің құрама Иран елінен келген спортшыларға қарсы ойнады.

Қазақстандық спортшылар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша отандық команда 7-орынға жайғасты. Бұл ретте қазақстандық спортшылар үш Азия чемпионатында үздік сегіздікке еніп отыр.

Айта кетелік, аталған турнирде ел намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрмангалиев және Айдос Кенжеғұлов қорғады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы