Үстел теннисінен командалық Қазақстан ашық чемпионаты басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше, 18 маусымда Қарағандыда үстел теннисінен командалық Қазақстан ашық біріншілігінің екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған бәсеке Қарағанды қаласында орналасқан Saryarka орталығында өтеді.
Супер лига бойынша он, жоғарғы лига бойынша барлығы 19 команда өзара мықтыны анықтайды. 2020 жылдың наурызында өткен бірінші турдан кейін Сигма (Шымкент), Шолақ-Терек (Қостанай облысы), Астана (Нұр-Сұлтан) және «Жетісу» (Алматы облысы) командалары озық болды.
Жоғары лигада «Мартобе-ДЮСШ # 2» (Шымкент), «Казаэронавигация» (Нұр-Сұлтан), «Қостанай», «Қарағанды-2» және «UMMC-Резерв» (Екатеринбург, Ресей) командалары алдыңғы қатарда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ COVID-19-ға қарсы дәрі өндіруге қыруар қаржы бөледі
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы