Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық командасы жаттығу өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық командасы Қарағандыда оқу-жаттығу жиындарын бастайды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жаттығу жиының басты мақсаттары мен міндеті туралы команданың кеңесші-бапкері Дмитрий Левенко айтып берді.

Бір жарым аптадан соң республикалық Жастар спорттық ойындары өтеді. Сондықтан жаттығу жиынында негізінен техниканы жетілдіруге көңіл бөлеміз, - деді ол.

Сондай-ақ Лавенко маңызды бәсеке алдында шаршамау керегін айтты.

Физикалық тұрғыдан теннисшілерге көп күш түсірмейміз. Маңызды бәсеке алдында шаршап қалғандары дұрыс емес. Бастысы – техниканы жетілдіру, - дейді Левенко.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы