Үстел теннисінен еліміздің ашық чемпионаты келесі жылы жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үстел теннисінен Қазақстанның ашық біріншілігі келесі жылы жалғасын табады. Бұл туралы ұйымдастыру комитетінің директоры, халықаралық дәрежедегі төреші Тимур Ходжаев мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстан ашық біріншілігінің алғашқы айналымы наурыз айының басында Алматы және Павлодар қалаларында өткен болатын. Алайда коронавирус індетіне байланысты жарыс тоқтап қалды.

Бірінші айналым қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталған жоқ. 

2021 жылы Суперлига мен Жоғары лиганың қалған үш турын өткізу жоспарлануда.     


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы