Үстел теннисі: Жания Бекмұхамбетова Мысырдағы турнирде жеңіске жетті

Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Исмаилияда өтіп жатқан (Мысыр) WTT Youth Contender турнирінде «алтын» еншіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Ол 13 жас категориясында үздік деп танылды.

11 жастағы спортшы қыз жеті матч өткізіп, оның бәрінде жеңімпаз атанды.

Айта кетелік, биыл тамыз айында ол Хорватиядағы турнирде жеңіске жеткен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы