Үстел теннисі: қазақстандық төреші ATTU техникалық және төрешілер комитетіне қабылданды

Азия үстел теннисі одағы (ATTU) Қарағандыдан шыққан Тимур Қожақаевтың ATTU техникалық және төрешілер комитетінің мүшесі болғанын жазды,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл қазақстандық төрешінің жоғары біліктілігінің айқын дәлелі.

Комитеттің негізгі міндеттеріне мыналар кіреді:

- Азия кубогы, Азия чемпионаты, сондай-ақ ATTU ұйымдастыратын турнирлер мен жарыстарға төрешілерді іріктеу;

- Төрешілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

- Азияда төрешілермен жұмыс істеу үшін нұсқаушыларды дайындау;

- Төрешілерге арналған семинарлар өткізу, әдістемелік және оқу-кеңес беру жұмыстарын жүзеге асыру.

Айта кетейік, Тимур Қожақаев – еліміздегі жалғыз Blue Badge санатындағы халықаралық төреші. Бұл санат оған әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарының шешуші кезеңдерінде және Олимпиада ойындарында төрешілік етуге мүмкіндік береді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы