+16

Үстел теннисі: Қазақстан Хорватиядағы WTT Contender турниріне қатысады

24-29 маусым аралығында Хорватияның Загреб қаласында үстел теннисінен WTT Contender Zagreb атты ірі халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жарысқа әлемдік рейтингте жоғары орында тұрған танымал спортшылар қатысады: Томокази Харимото (Жапония, ITTF рейтингінде 4-орын), Сян Пэн (Қытай, 9-орын), Дарко Йоргич (Словения, 10-орын), Бенедикт Дуда (Германия, 11-орын), Ан Джэхён (Оңтүстік Корея, 17-орын), Ох Джунсунг (Оңтүстік Корея, 19-орын).

Қазақстан намысын үш теннисші қорғайды. Олар турнирді іріктеу кезеңінен бастайды. Алғашқы қарсыластары төмендегідей:

  • Дастан Кенжіғұлов – Сюй Хайдун (Қытай);
  • Айдос Кенжіғұлов – Джошуа Стейси (Уэльс);
  • Санжар Жұбанов – Сендрик Мейсснер (Германия).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы