Үстел теннисі: Кирилл Герасименко Азия құрамасымен жеңіске жетті
Норвегияда үстел теннисінен Вальднер кубогы турнирі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оған Азия мен әлем құрамалары қатысты. Азия құрамасын Ма Лонг, Чэнь Мэн, Джанг Уджин, Лим Джонхун, Шин Юбин, сондай-ақ Маники Батра және қазақстандық Кирилл Герасименко қорғады.
Оларға Трульс Морегард, Дмитрий Овчаров, Уго Калдерано, Адриана Диас және Бернадетте Сёч қарсы өнер көрсетті.
Нәтижесінде Азия құрамасы 14:10 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Ян-Уве Вальднер – Халықаралық үстел теннисі федерациясы бойынша XX ғасырдың үздік ойыншысы, әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жеңімпазы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауа райына байланысты бірнеше облыста жол жабылды
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында балыққа кеткен екі ер адам қаза тапты
Өзгелердің жаңалығы