БҚО-да ұстаздардың жалақысы көбейеді
БҚО, BAQ.KZ. 1 қаңтардан бастап білім беру саласында еңбек етіп жүрген 22 600 батыс қазақстандықтың жалақысы ұлғайды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
Олардың қатарында санаты жоқ 3 500 ұстаз бен 2 мыңнан астам балабақша тәрбиешісі және 336 мектеп педагог-психологы бар.
Мысалы, санаты жоқ әрі 1 жыл еңбек өтілі бар педагог-психолог маманның жалақысы 49 мыңнан 58 мыңға ұлғаяды. Бұған қоса 13 мыңдай ұстаздың жаңартылған мазмұндағы білім беру сыныптарындағы жұмысы үшін лауазымдық жалақысына 30 пайыз мөлшерінде қосымша ақы қосылмақ.
Біліктілік деңгейін анықтау мақсатындғы тестілеу сындарынан ойдағыдай өткен тағы 2 мыңдай педагогтың еңбекақысына 30-дан 50 пайызға дейін қосымша ақы төленеді. Сонымен қатар, мұғалімнің қосымша жүктемесі үшін де қосымша ақы төлеу қарастырылған.
"Немесе мына педагогикалық шеберлігі үшін үстеме ақыларының көлемі тек 18 сағаттың көлемінде ғана төленіп келсе, 1019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл мұғалімнің нақты сабақ беріп жүрген сағатына байланысты. Яғни 18 сағаттан да жоғары болатын болса, соған байланысты төленетін болады" - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарова.