Ұстаз өлімі. Мұғалім қайғылы оқиға болар алдында науқастанып, ауруханаға түскен

БҚО-да өзіне қол салған мұғалім қайғылы оқиға болар алдында бірнеше күн бұрын науқастанып, аудандық ауруханаға түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы ұстаз өліміне қатысты пікір білдірді.

Білім басқармасы марқұм болған мұғалімнің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.

Отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, оның құрамына білім басқармасының, білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің және құқық қорғау органдарының өкілдері енгізілген. Мектеп директорының берген мәліметі бойынша қайғылы оқиға болар алдында бірнеше күн бұрын мұғалім науқастанып (аппендицит), аудандық ауруханаға түскен, - деді БҚО Білім басқармасы.

Мәліметке сәйкес, 16 қаңтарда денсаулығына байланысты мұғалім жұмысқа келмеген. Келесі күні таңертең мектеп директорына қайғылы оқиға туралы хабар түскен.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жедел тексеріс шараларын жүргізіп жатыр. Мектеп жұмысы, ұжымдағы ахуал тексеріледі. Осы уақытқа дейін ұстаздар атынан шағым түскен жоқ, - деп айтты Білім басқармасы.

Кеше Батыс Қазақстанда 22 жастағы ауыл мектебінің бастауыш сынып мұғалімінің суицид жасағанын хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы