Ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлері жазаға тартылу керек – «Ақиқат» комиссиясы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының мүшесі Ляззат Рақышева Алматыда өткен баспасөз жиынында айтты.

Оның айтуынша, еліміздің әр аймағынан, әсіресе Шымкент, Қызылорда, Атырау, Талдықорған, Алматы, Таразда ұсталғандардың жақындарынан көптеген арыз-шағымдар келіп түскен.

Атыраудағы «Динамо» спорт стадионында азапталған балалардың ата-анасынан көптеген шағымдар түсіп жатыр. Мен азаптауға қарысымын. Азаптауға қатысқан полиция қызметкерлері жазаға тартылу керек,-деді Ляззат Рақышева. 
 

Оның айтуынша, «Ақиқат» комиссиясының өтінішімен проурорлар қамауда отырған бірнеше адамды үйқамаққа ауыстырған.

Осы уақытқа дейін Қызылорда қаласында болып, қамауда отырған 30 адамды бұлтартпау шарасымен үйқамаққа шығару бойынша өтініш бердік. Олардың 12-сі шықты, бүгін тағы біраз адам шығуы керек. Алматы қаласы бойынша  15 адам үйқамаққа шықты, ал, Алматы облысынан 10 адам шықты. ҚР ҚК-нің 272 бабының 2 бөлігімен біраз адам шықты, алайда Атырау жұрты бізде осы баппен отырғандар неге үйқамаққа шықпайды деген сұрақтар туындап жатыр,-деді ол. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы