Ұсталғандар ПТР-сынамасының теріс нәтижесімен қабылданады - ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Қаңтар айында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде полиция мен әскери қызметерлер елде тәртіп орнату бойынша операциялар жүргізіліп жатыр. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу изоляторларының ішкі тәртіп қағидаларына сәйкес, барлық адам уақытша ұстау изоляторларынан түскен кезде ПТР тестінің теріс нәтижесімен қабылданады және міндетті медициналық тексеруден, оның ішінде денсаулық сақтаудың азаматтық секторының дәрігерлерін тарта отырып өтеді, - деді ол. 

Аюбаев атағандай, дене жарақаттары немесе қандай да бір аурулар анықталған кезде оларға дереу медициналық көмек көрсетіледі.

Әрбір осындай факт туралы прокуратура органдарына хабарланады. Мекемеде білікті медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайда, олар азаматтық денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізіледі және мамандандырылған күзетілетін палаталарда емделеді, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы