Үсік, қар және дауыл: 2 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады
Елдің бірқатар өңірінде үсік жүріп, жаңбыр мен қар жауады, жел күшейеді
Метеорологтардың мәліметінше, түнде:
-
Қостанай облысының шығысында −1°С-қа дейін;
-
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және Ұлытау облысының шығысында топырақ бетінде −1...−3°С-қа дейін үсік жүреді.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Түнде республиканың солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Антициклон сілемінің ықпалынан елдің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша жел күшейеді, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі, – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында күндіз жылдамдығы 30 м/с және одан да асатын өте қатты жел соғатыны хабарланды.
Бұдан бөлек, болжамға сәйкес, бірқатар өңірде өрт қаупі сақталады:
-
жоғары өрт қаупі – Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысы мен орталығында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Қарағанды облысында және Жетісу облысының солтүстігінде;
-
төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының батысы, шығысы мен орталығында, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында.