Ұштастырып шешу керек. Аймағамбетов МӘМС пен Салық кодексі туралы

Мәжілісі депутаты Асхат Аймағамбетов еңбек нарығында бірқатар проблеманың қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол депутаттардың үкіметтен бірнеше заң жобаларын күтіп отырғанын айтады. Сөзінше, Парламентке түсетін «жұмыспен қамту туралы заң» жобасын салық кодексімен сабақтастыру қажет.

Салық кодексіне тиісті ынталандыру тетіктерін енгізу мәселесі өте маңызды. Сондықтан осы тұрғыдан да қарау керек деп санаймыз. Қазіргі таңда Yandex, Glovo секілді басқа да платформалар арқылы жұмыс істеп жүрген азаматтардың саны жарты миллионнан асты. Біраз жылдан соң бұл сан бұдан да көп болады. Сол себепті азаматтық қарым-қатынастарды реттеуге тиіспіз. Бүгінгі таңда тиісті заң жобасын күтіп отырмыз, - деді Аймағамбетов.

Депутаттың айтуынша, Еңбек кодексіне тиісті өзгеріс енгізу Парламенттің күн тәрбінде тұрған мәселе.

Қазіргі таңда 3,5 млн-нан астам адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамтылып отыр. Біз заңдарды жетілдіргенде осы азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесін қарауымыз керек. Яғни 3,5 млн адам медициналық сапалы көмекті дер кезінде алмай отырғаны анық. Басқа да мәселе көп. Бұл жердегі амал үстінде айтып кеткен мәселелермен ұштасырып шешу, - деді Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Аймағамбетов білім беру бағдарламаларын жаңарту қажет екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: facebook.com/askhat.aimagambetov
Өзгелердің жаңалығы