Үшінші тоқсанда қолледж студенттері қалай оқиды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Екінші семестрден бастап кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы 1-курстың 8223 студенті аралас форматта оқиды деп жоспарлануда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.
Оның айтуынша, пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтық режимде өтеді.
Штаттық режимде оқыту 15 студенттен аспайтын шағын топтарда жүргізіледі. Аудиторияның толтырылуы 50 пайыздан аспайды.
Штаттық режимде практикалық және зертханалық сабақтар - физика, химия, математика сияқты пәндер, қашықтан оқыту режимінде - тарих, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, өзін-өзі тану, мәдениеттану, әлеуметтану және т. б. пәндер бойынша дәріс сабақтары өткізіледі, - деді ол.
Өндірістік оқыту және кәсіптік практика, зертханалық жұмыстар және практикалық сабақтар толық немесе ішінара кәсіпорындар базасында немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (мамандықтардың ерекшелігіне байланысты) шағын топтарда қашықтықты сақтай отырып жүргізіледі.
Аралас форматта оқытуды ұйымдастыру кезінде аудиториялық дәрістердің кестесі олардың басталу және аяқталу уақыты көрсетіліп жеке жасалады. Аудиториядағы дәрістер кемінде 1,5 метр қашықтықты және бетперде режимін сақтай отырып жүргізіледі, - деп атап өтті басқарма басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үшінші тоқсанда бір сабақтың уақыты 30 минуттан аспайды
Өзгелердің жаңалығы