Үшінші рет вакцина алғандарды 5G арқылы бақылайды деген рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Telegram мессенджерінде Pfizer/BioNTech вакцинасының бустерлік дозасын салдырғанды растайтын құжат көрсетілген видео тарап жатыр. Мұндағы айтылған ақпараттар шындыққа жанаспайды деп хабарлады stopfake.kz.
Онда препараттың тіркеу нөмірінде 5G белгісі бар. Кадр сыртындағы дауыс итальян тілінде үшінші рет екпе алғандар 5G-технологиясы арқылы бақыланатынын айтады.
Итальяндық Facta порталы бейнеролик әзіл үшін жасалған деп отыр. Сондай-ақ 5G символын жазуға қолданылған шрифт құжаттағы басқа ақпарат жазылған қаріптен өзгешеленеді.
Вакцинация сертификатында көрсетілген 049269018 коды шынайы. Алайда онда 5G белгісі жоқ. Бұл Италия дәрілік хаттар бойынша агенттігінің Pfizer/BioNTech вакцинасына тиесілі препараттың дербес коды.
Сәйкесінше, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бустерлік дозасы 5G технологиясының көмегімен бақыланады деуге негіз жоқ. Вакцинация мен пандемияның жаңа ұялы байланыс пішінімен байланысы – ғылыми деректерге қарама-қайшы ойдан шығарылған нәрсе.