Үшінші қабаттан секірмек болған 70 жастағы ер адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында үшінші қабаттан секірмек болған 70 жастағы ер адамды полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

21 мамыр күні сағат 14:00 шамасында Нұрсая мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің үшінші қабатында белгісіз егде жастағы ер адамның балконнан аяғын шығарып тұрғандығы жөнінде 102 арнасына хабарлама түскен. 

Хабарламаға дер кезінде учаскелік полиция инспекторлары Серік Жұмырғожиев пен Аслан Аманғалиев барып, 70 жастағы ер адамды құтқарып қалды. Қазіргі уақытта егда жастағы ер адамның үйде кілттеніп қалғаны және жалғыз болғандығы анықталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы