Үшінші елдер және одақтармен ынтымақтастық орнату ерекше маңызға ие бола бастады – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты.

Пандемия зардаптарын біртіндеп жоюды ескере отырып, үшінші елдер және одақтармен ынтымақтастық орнату ерекше маңызға ие бола бастады. Бүгінде ШЫҰ-мен ынтымақтастықты арттырудың маңызы зор және бұл бағыттағы алғашқы маңызды қадам жасалды. Биылғы қыркүйекте ЕАЭО мен ШЫҰ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын ескеріп, енді жұмысты практикалық арнаға бағыттау қажет, - деді Президент.
Оның айтуынша, жаңа сауда бірлестігі — ЖӨЭС-пен өзара іс-қимыл тәсілдерін пысықтау тиімді болар еді, өйткені оң нәтижелерге қол жеткізуге алғышарттар бар.
Мен 2020 жылғы 15 қарашада Ханойда ЭҮӨШ құру туралы келісімге қол қойылғанын еске саламын. Ол плюс еркін сауда аймағын құруды қарастырады. Сонымен қатар бұл ұйым басқа елдермен ынтымақтастық үшін ашық және 10 мемлекетті қамтиды. Бұл Индонезия, Лаос, Камбоджа, Бруней, Вьетнам, Малайзия, Мьянма, Сингапур, Таиланд, Филиппин, сондай-ақ АСЕАН еркін сауда туралы келісімдерге қол қойған 5 Мемлекет. Бұл Австралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Корея Республикасы және Жапония. Оң нәтижелерге қол жеткізудің алғышарттары бар. Өйткені еркін сауда аймағы туралы келісімге біз оның екі мүшесі - Сингапур мен Вьетнаммен қол қойдық, - деп түсіндірді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы