Кәсіпкерлікті қолдауға өткен жылғыдан екі есе артық қаржы бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2020 жылғы бюджеттен 19,4 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе жоғары. 

Бұл жөнінде қала әкімінің қатысуымен өткен брифинг барысында мәлім болды.

Аталған қаржының 4,2 млрд теңгесі  ауылшаруашылық субсидияларына және 5,2 млрд теңгесі пайыздық мөлшерлемелерді ішінара субсидиялауға, ал 823 млн теңге кредиттерді ішінара кепілдендіруге бағытталып отыр. Сонымен қатар, инновациялық жобаларға грант беруге 205 млн.теңге, жеңілдетілген несие бөлуге 816 млн.теңге, кәсіпкерлік қызметті қолдауға 40 млн.теңге бөлініп отыр. 

Қала аумағында індетке қарсы шаралармен қатар, әлеуметтік - экономикалық жағдай да бақылауда болғанын айтқан қала экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес  Шымкент қаласында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілгенін мәлім етті.

Жоспарда бағаны тұрақтандыру, жергілікті тауар өндірушілерді қорғау, 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша 29 іс-шара қарастырылды. Сонымен бірге, Президенттің тапсырмасымен шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін салықтық жеңілдіктер берілді, 3 жылға тексеруден босатылды.  Жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық төлеуден босатылды,-деді М.Әйтенов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы