14 Маусым 2024 2024, 16:30
Фото: - архив
"Үшеуінің жағдайы ауыр". СҚО-да тамақтан уланған отбасының екі баласы қаза болды
Солтүстік Қазақстанда тұтас отбасы тамақтан уланып, екі бала қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Солтүстік Қазақстанда тұтас отбасы тамақтан уланып, екі бала қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Дәрігерлердің мәліметінше, 3-ші баланың да жағдайы ауыр. Анасы бірқалыпты.
Туыстарының айтуынша, балалардың анасы дүкеннен тұшпара мен шұжық алған. Кешкі астан кейін 3 жасар бала үйінде қайтыс болып, 6 жасар баласы ауруханада көз жұмды.
Екі баланың мәйіті сараптамаға жіберілді. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - делінген Qazaqstantv таратқан ақпаратта.