Үшарал қаласы әуежайында жаңа терминал салынады

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевтың Жетісу өңірі тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды.

Құрылыстың екі нұсқасы қарастырылуда: біріншісі - ғимараттарды келу және кету аймақтарына бөле отырып, қолданыстағы терминалдың жанынан шағын терминал салу; екіншісібірден үлкен терминал салу. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін талдап, әзірлеуде.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда «Сарыөзек-Көктал» жолының 45-68-ші шақырымдары арасында күрделі жөндеу, ал 68-110 шақырымдары арасында орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Келесі жылы 0-ден 45-ші шақырымға дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тиісінше, жол толығымен ретке келтіріледі.

Жалпы ұзындығы 762 шақырымды құрайтын «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолын қайта жаңғырту жұмыстары да 2024 жылдың соңына дейін аяқталады.

Өңір тұрғындарымен еркін форматта өткен кездесуде ведомство басшысы министрліктің құзыретіне кіретін және осы өңірге қатысты сұрақтарға барынша ашық жауап берді.

Халықпен кездесуден кейін министрдің жеке қабылдауына 6 тұрғын жазылды.

Қазақстандықтардың сұрақтары авиабилеттерді қайтару, халықаралық жүк тасымалдарының жүргізушілеріне виза беру және т.б. мәселелерге қатысты болды.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық өтініш білдірушілерге толық жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы