Ұшақты "миналаған" шетелдік ұсталды
Полицияға белгісіз біреуден Астана – Санкт-Петербург бағытындағы әуе рейсі миналанған деген хабар түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Хабарлама бойынша дереу бортқа тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ешқандай жарылғыш заттар табылған жоқ. Көлік полицейлері 1987 жылы туған жақын шетел азаматын ұстады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті істеген ісін мойындады. Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу мүддесіне орай өзге де мәліметтер жария етілмейді, - деп атап өтті көліктегі ПД бастығы Бақытжан Малыбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық теннисшілер Азия ойындарын сәтті бастады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы