Ұшақтағы төбелес: Шетелдіктер қамауға алынды
Алматыда шетелдіктер ұшақ ішінде төбелесіп, рейс бір сағат кешігіп ұшуға мәжбүр болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде Алматыдан Бангкокқа ұшатын Air Astana рейсінде болған төбелестің видеосы тарауда.
Ұшақ ішінде мас болған екі жолаушы арасында жанжал туып, соңы төбелеске ұласқан.
Алматы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері рейстен төбелесіп қалған төрт шетел азаматын түсірген. Екеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
Оқиғаға байланысты рейс Тайландқа бір сағатқа кешігіп ұшқан.
Жолаушылар арасында жанжал туып, төбелеске ұласты. Әуе кемесінің бортында бұзақылық әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушылардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды, - деп хабарлады Көліктегі полициясы департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін салонында түтін шығып, Астанаға бағыт алған Air Astana ұшағы Алматыға қонғаны хабарланды.