Ұшақта жолаушыны аман алып қалған жігітке "Құрмет" грамотасы табысталды

Астана медицина университетінің студенті Дінмұхаммед Бектұрғанға шұғыл медициналық көмек көрсеткені және жолаушылар ұшағының бортында адам өмірін сақтап қалғаны үшін Денсаулық сақтау министрінің атынан Құрмет грамотасы табыс етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұшақ бортында, жолаушылардың бірі шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған қиын жағдайда Дінмұхаммед абдырап қалмады. Оның жылдам және сауатты іс-қимылының арқасында адам өмірін сақтап қалды. Бұл іс-қимыл оның жеке мінезінің ғана емес, сонымен бірге оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар дәрігер мамандығының маңызды құндылықтарын: мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелейтін ұстаздарының да қажырлы еңбегінің нәтижесі, - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желілердегі жазбасында.

Ведомство басшысы Дінмұхаммедтің тәлімгерлеріне болашақ дәрігерлерді даярлауға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, медицина университетінің студентіне үлкен кәсіби биіктерге жетуді тіледі.

Айта кетейік, Астана медициналық университетінің интерні ұшақ бортында жолаушының өмірін қалай сақтап қалғанын айтып берген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы