Ұшақта апаттық есікті ашып жіберген жолаушы жауапқа тартылады

FlyArystan-ның ұшағында жолаушы жерге қонған соң, апаттық есікті ашып жіберген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді азаматқа тәртіпті бұзғаны үшін тергеу шаралары жүргізіледі.

Әлеуметтік желіде FlyArystan ұшағының бортында түсірілген бейнежазба тарады. Кадрда жолаушы апаттық есікті ашып жібергенін көруге болады.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, бұл жағдай 23 желтоқсанында Шымкент-Алматы бағыты бойынша FlyArystan әуекомпаниясының KC7106 рейсі қонған соң жергілікті уақыт бойынша сағат 01:19-да болған.

Кейін әуекемесі тексеріліп, қайта ұшу жұмыстарына рұқсат етілді. Жолаушы шара қолдану үшін Ішкі істер министрлігіне тапсырылды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі оған және әуе баспалдақтарын жеткізуге жауапты әуежай қызметтеріне қатысты тиісті тергеу жүргізбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы