Ұшаққа кешігіп, полицияға тіл тигізген алматылық сотталды

Алматылық азамат Астана әуежайында полицейлерге қоқан-лоқы көрсетіп, балағаттағаны үшін 1 жылға сотталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ол агрессивті мінез көрсетіп, әуежай аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартқан.

Тергеу барысында ер адамның полицейлердің талаптарын елемей, оларға балағат сөздер айтып, денсаулыққа зиян келтірумен ашық қорқытқаны анықталды. Оның әрекеті билік өкілдеріне қарсы қылмыс ретінде бағаланды. Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы кінәні дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынды. Істі қарау нәтижесінде сот ер адамды кінәлі деп танып, 1 жыл 1 ай мерзімге бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады, – деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы