Ұшақ Бейжіңдегі ең биік зәулім ғимаратқа соғылды
Бейжіңдегі ең биік зәулім ғимаратқа шағын ұшақ соғылды. Оқиғадан кейін адамдар эвакуацияланып, билік әзірге апаттың себептері туралы толық мәлімет берген жоқ.
Бейжіңде шағын ұшақ CITIC Tower (China Zun) зәулім ғимаратына соғылды.
CNN мәліметінше, бұл – Қытай астанасындағы ең биік ғимарат.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалардан ғимараттың жоғарғы қабаттарынан құлаған бөлшектерді, әуе кемесінің құйрық бөлігін және жерде зақымданған такси көлігін көруге болады.
Куәгерлердің айтуынша, оқиғадан кейін зәулім ғимараттан адамдар эвакуацияланған. Ғимарат маңына жиналған тұрғындардың жанында өрт сөндіру қызметі, полиция және жедел жәрдем көліктері жұмыс істеген.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұшақтың тіркеу нөмірі оның жергілікті авиациялық компанияға тиесілі қытайлық Sunward SA 60L Aurora жеңіл спорттық ұшағы екенін көрсетеді. Сондай-ақ әуе кемесінің ұшу бағыты айтарлықтай ауытқыған болуы мүмкін екені айтылып отыр.
Қытайдың ресми билігі әзірге оқиғаға қатысты толыққанды түсініктеме берген жоқ.
🔴 #SONDAKİKA | İddialara göre bir uçak, Pekin’deki CITIC Kulesi’ne çarptı. Uçağın ikiye ayrılarak yere düştüğü ve ilk bilgilere göre uçaktaki herkesin hayatını kaybettiği öne sürülüyor.
— Sokak Kedisi (@sokakkedisitv) June 26, 2026
🔴 #BREAKING | Reports claim that an aircraft has crashed into the CITIC Tower in Beijing.… pic.twitter.com/OX2EFUEWiK
- Қазақстан мен Малайзия жоғары оқу орындары академиялық ынтымақтастықты кеңейтуде 19:49
- Непалда су тасқынынан кейін мектептерді қалпына келтіруге $15 млн-нан астам қаржы қажет 19:10
- Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты 18:08
- Президент БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті 17:50
- Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті 17:15
- Ақмола облысында 148 гектар аумақтағы дала өрті сөндірілді 16:51
- Тегін берілетін дәріні заңсыз сатқан: 60-тан астам дәріхана мен медициналық ұйым жазаланды 16:15