Ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына қандай көмек көрсетіледі
Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айтуынша, ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына тиісті көмек көрсетіледі.
Біз барлық қажетті көмекті көрсетеміз.Тізімдегі қаза тапқан жандардың туыстары... Олардың бұл жерде таныстары да, туысы да жоқ. Осы орайда, егер Ақтау қаласына келсеңіз, мына нөмірге хабарласыңыз: +7 702 5253101. Тәулігіне 24 сағат бойы осы нөмірге хабарлассаңыздар, көмектеседі. Кімнің туысы екеніңізді айтсаңыз болды, - деп атап өтті облыс әкімі.
Еске салайық, бүгін Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұшақ апаты: Ақтауға көмекке санавиация ұшағы жөнелтілді
Өзгелердің жаңалығы