Ұшақ апаты. Зардап шеккен науқастардың жағдайы қалай?
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың қазіргі жағдайын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазіргі таңда ауруханада Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен 6 науқас ем алып жатыр. Оның 4 жансақтау орталығында. Біреуінің жағдайы өте ауыр. Үшеуінің жағдайы тұрақты ауыр. 2 науқас травматология бөлімшесінде емдерін жалғастыруда, - деп жазды денсаулық сақтау мекемесінен.
Облыстық көпбейінді ауруханада ем алып жатқан 6 науқастың 3-уі Әзербайжан, 3-уі Қырғыз елінің азаматы. Олар емдерін толық көлемде алуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы