Ұшақ апаты: Бас прокуратура мәлімдеме жасады
Бас прокуратура Ақтау маңындағы әуе апатын тергеу үшін ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бас прокуратура Ақтау қаласы маңында Әзербайжан әуе компаниясының әуе кемесі апаты фактісі бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын хабарлайды. Оның құрамына көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ тәжірибелі қызметкерлері кірді, - делінген хабарламада.
Оқиға орнына үкіметтік комиссия құрамында елдің Бас көлік прокуроры барды.
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ерекше бақылауында.
Айта кетейік, сағат 11:10 Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшыраған еді. Ақтаудағы ұшақ апатынан 12 адам аман қалып, Ақтау ауруханасына жеткізілген еді. Апатқа ұшыраған ұшақта 6 қазақстандық болған. Тоқаев тапсырмасы бойынша мемлекеттік комиссия құрылды.