Ұшақ апаты: Әшімбаев қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ақтау қаласының маңыңда болған әуе апатынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтау қаласының маңыңда болған әуе апаты бәріміздің көңілімізді жабырқатқаны анық. Төтенше оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулеріне тілектестігімді білдіремін, - деді Сенат төрағасы.
Ол қазір зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен осы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Астанадан Ақтауға дәрігерлер мен медицина мамандарын шұғыл жеткізу жөнінде тиісті органдарға нақты міндет жүктеді. Соған сәйкес қазір зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қолға алынған осы шаралар ауруханаға түскендердің сауығып шығуына оң септігін тигізеді деп сенеміз. Енді мұндай қайғылы оқиғалар ешқашан қайталанбасын, - деді Әшімбаев.